Алматы облысында қытайлық жұмысшыларды ұрып тастады: Бас консул мәлімдеме жасады
Зардап шеккен қытайлық жұмысшы ҚХР-ның Алматыдағы бас консулынан көмек сұрады. Ер адам өзі және оның әріптестері Қазақстанда өздерін қауіпсіз сезінбейтінін айтты.
Бас консул Гэн Липин Талдықорған маңындағы қазақстандықтар мен қытайлардың арасындағы төбелестен кейін мәлімдеме жасады, деп жазады Sputnik.
«Кеше маған қытайлық жұмысшыдан көмек сұраған хат келді. Автор Қазақстандағы жолды қалпына келтіруге қатысқан жұмысшы екендігін айтқан. 8 қазанда бірнеше жұмысшыны жергілікті тұрғындар ұрып-соғып, не болғанын білмей жатып шабуылдаған. Олардың екеуі ауыр жарақат алып ауруханаға түскен», - деп жазды Липин.
Ол хатты оқығаннан кейін алаңдаушылық білдірді. Липин, күтпеген шабуылға ұшыраған отандастары үшін алаңдаулы.
«Бұл оқиғаның Қазақстан сияқты бейбіт және халықаралық елде орын алғаны мені одан сайын толқытып, алаңдатады. Мен жауаптылар заңға сәйкес жазаланады деп үміттенемін», - деді ол.
Қазақстандықтар мен қытайлар арасындағы жанжал Талдықорған - Өскемен тас жолының учаскесін салып жатқан Citic Construction кәсіпорнында болды.
Полиция этникалық қазақтың денсаулығына қауіпті жеңіл дәрежеде жарақат алғанын хабарлады. Келесі күні жергілікті тұрғындар тобы жанжалдың мәнін түсінбей жатыр бірнеше шетелдік жұмысшыны ұрып тастаған.
«Бұзақылық» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Кінәліге 2 мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады (5 миллион 050 мың теңге немесе 13 мың доллар) немесе дәл осындай мөлшерде түзеу жұмыстары, немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Липин болған оқиғаның нұсқасын айтты. Оның айтуынша, жергілікті жұмысшының кінәсі - ол салынған жолдың бір бөлігін зақымдаған. Қытай басшысы жағдайды түзетуді талап етті. Осыдан соң дау туды, оған басқалар да қосылды.
«Тараптар татуласып, дау аяқталды. Алайда келесі күні таңертең қытайлық жұмысшылар жұмысқа бара жатқанда, оларды белгісіз адамдар қоршап алып ұрып жіберді», - деп жазды Липин.
Ол «қытайлық жұмысшыла ұстамдылық танытты» деп қосты.
«Мен интернеттегі жаңалықтар - қытайлық жұмысшылардың қазақстандық жұмысшыларды ұрып жатқанын, қытайлық жұмысшылардың балалар еңбегін пайдаланатындығын, қытайлық компания беретін тамақ пен баспананың нашарлығы туралы ақпараттың қайдан шығатынын түсінбеймін» - деді ол.
Липин, оқиғаға қарамастан көптеген қазақстандықтарды шынайы және достыққа адал деп санайды.
«Осы жекелеген оқиғалардың бәрі алаңдаушылық туғызбайтынына және Қытай мен Қазақстан арасындағы достық ынтымақтастыққа кедергі келтірмейтіндігіне сенімдімін. Мұқият қамқорлық пен бірлескен күш-жігермен біздің ынтымақтастық жолдарымыз кеңейіп, кеңейе түседі. Біздің елдеріміз арасындағы екіжақты қатынастар одан да әдемі болады», - деді ол.
Талдықорған-Өскемен тас жолын қайта құру жалпы құны 27 млрд доллар болатын 55 қазақстан-қытай өндірістік және инвестициялық ынтымақтастық жобаларының тізіміне енген.