Алматы облысында ер азамат жоғалып кетті: Оның өртенген көлігі табылды
Алматы облысында жоғалып кеткен ер азаматтың өртенген көлігі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ПД мәліметінше, 22 желтоқсан күні Азат Теміртасовтың жоғалып кеткені туралы хабар оның інісінен түскен. Ол 21 желтоқсанда Қарабұлақ ауылына жол тартқан.
Полицейлер із-түссіз кеткен азаматтың Toyota Caldina көлігін Ескелді ауданындағы Бақтыбай аулынан тауыпты.
Қазіргі таңда тексеру шаралары жүргізілуде. Басқа да ақпарат тергеу амалдарына байланысты жария етуге келмейді, деп қосты ПД өкілдері.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі