Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында асаба әйелі мен енесін соққыға жықты деген күдікпен ұсталды

тамада әйелі мен енесін ұрғанФото: Видеодан скрин

Алматы облысы Қаскелең қаласының тұрғыны, асаба болып жұмыс істейтін ер адам ажырасу процесінде жүрген жұбайының үйіне күтпеген жерден барып, оны қатыгездікпен соққыға жыққан. Оқиға салдарынан әйелдің анасы да зардап шеккен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы облысында полиция 31 жастағы аудан тұрғынын әйелін және оның анасын ұрып-соғып, мүлікті қасақана бүлдірді деген күдікпен ұстады.

Бұған дейін Egov.press Telegram-арнасы ер адамның ажырасу процесінде жүріп, жұбайының үйіне келгені, жанжал кезінде әйеліне және енесіне дене жарақатын салғаны, сондай-ақ үйдің терезелері мен автокөлікті сындырғаны туралы хабарлаған.

Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.

"Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері 31 жастағы аудан тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу барысында оның жұбайымен жанжалға түсіп, соның салдарынан әйеліне және оның анасына дене жарақатын салғаны, сондай-ақ мүлікті қасақана бүлдіргені анықталды", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді. Қазір болған жайттың барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицияның мәліметінше, тергеу нәтижесі бойынша күдіктінің әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі.



Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында ер адам енесі мен әйелін өлтіріп, балаларына қол жұмсамақ болды деген күдікпен қамауға алынды. Полицейлердің хабарлауынша, 15 шілдеде Қарабалық ауылындағы үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар екі адамның мәйіті табылған. Алдын ала болжам бойынша, қылмысқа отбасылық жанжал себеп болған. Факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде 45 жастағы Қарабалық ауылының тұрғыны ұсталған.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 27 Қаңтар, 2026 18:16