Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ең ірі халықаралық аутлет-орталық салынады

Фото: pixabay.com

2025 жылғы мамырда Астана Халықаралық форумында (AIF) Қазақстанда тұңғыш халықаралық аутлет-орталық ашу туралы жалпы келісімге қол қойылды. Жоба Алматы облысында қазақстандық және австриялық компаниялармен жүзеге асырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстандағы Ресей Сауда өкілдігінің ресми арнасының мәліметінше, жобаның жоспарланған алаңы 80-нен 120 мың шаршы метрге дейін болады. Болашақ аутлет-орталық аумағында сауда галереялары, қонақүйлер, қоғамдық тамақтану орындары, балалар мен ойын алаңдары, сондай-ақ орталықтың толыққанды жұмыс істеуі мен келушілердің жайлы демалуы үшін қажет өзге де нысандар орналастырылады.

"Бүгінде Орталық Азияда мұндай аутлет-орталықтары жоқ. Бұл бәсекелікте айрықша артықшылықты қалыптастырады. Алматы облысының таңдалу себебі Өзбекстан мен Қырғызстан астаналарына жақын орналасқан. Сондай-ақ Қытай, Ресей, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінен келетін көлік дәліздері логистикалық тұрғыдан да тартымды", - деп жазады ТоргПред.



Орталық қазақстандық және шетелдік шопинг-туристер үшін жаңа нүктеге айналады деп болжануда.

STAN.KZ
Сейсенбі, 03 Маусым, 2025 15:08
Талқылау