Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дене шынықтыру мұғалімі оқушыны шашынан сүйреп, соққы жасаған

мұғалім оқушыны ұрғанФото: Видеодан скрин

Алматы облысында дене шынықтыру мұғалімі оқушыны сынып алдында сөккеннен кейін шашынан ұстап, иығына соққы жасады. Оқиға сыныптастарының түсірген видеосы арқылы әлеуметтік желіге таралып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыны шашынан сүйреп, иыққа соққы жасаған. Оқиғаға куә болған сыныптастары оның әрекетін видеоға түсіріп, кадрлар әлеуметтік желіге жарияланды. 

Кейін белгілі болғандай, бұл жағдай Қарасай ауданына қарасты Қолашы ауылында болған. Алдымен мұғалім оқушыны сынып алдында сөккен, кейін оның құлағын бұру, шашынан ұстау және иығына жұдырықпен соққы жасау әрекеттерін жасаған.

Оқушының ата-анасы полицияға арыз жазды, ал мұғалім өз кінәсін мойындап, жазбаша түсініктеме берді. Оқиғаның нақты себебі әлі анықталған жоқ. 

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, мұғалім жұмыстан шығарылған.

Медициналық қорытынды бойынша оқушының денсаулығына зиян келтірілмеген. Материалдар Қарасай аудандық полиция бөліміне беріліп, Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі   

"Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


"Мектеп оқушыларын құрылысқа жеккен": Жамбыл облысында жасөспірімді өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша іс алғаш рет сотқа жетті


"Қатарласы итеріп, басын унитазға соғып алған": Атырауда "Тағылым" жекеменшік мектебінің оқушысы жарақат алып, тергеу басталды


Еске салайық, бұған дейін Алматыда 6-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында мұғалімнен зорлық көргенін айтып, әлеуметтік желіде шағымданды. Оқушы қабырғасы мен ішінің қатты ауыратынын, мұғалімнің қорқытып, сыныптастарына да қысым көрсететінін жеткізді.

Айым Атамбаева
Сенбі, 06 Желтоқсан, 2025 10:50