Алматы облысында дауыл салдарынан ағаш ер адамның үстіне құлап, мерт болды
Алматы облысында қатты жел салдарынан ағаш адамның үстіне құлады. 46 жастағы ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Марқұмның қарындасының айтуынша, ағасы жол бойында көлік күтіп тұрған.
“Ағаш үзілген сымдармен бірге жатыр. Ағамның денесі мәйітханада. Жерлеу арғы күні өтеді. Жедел жәрдем мен полиция болды. Жағдайды тіркеді. Қарасай жасыл құрылыс, әкімдік, неге қураған ағаштарды кеспейді?”, – деп жазды марқұмның туысы.

Скрин Instagram Syrymitkulov
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Алматы-Бішкек тас жолының 37-шақырымында болған.
“Шамалған ауылының маңында қатты жел салдарынан ағаш ер адамның үстіне құлап кеткен. 7 сәуірде бұл өңірде дауылды ескерту жарияланды. Полиция қызметкерлері мен уәкілетті органдар жағдайға қатысты тергеу жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”