Алматы облысында бірнеше ауылдың атауы өзгереді
Алматы облысында бірнеше ауыл мен ауылдық округтердің атауын өзгерту мақұлданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay
Іле, Талғар, Кеген аудандарындағы ауылдардың атауын өзгерту туралы шешімді мәслихат қабылдады. Тиісті қаулыны Алматы облысының әкімі шығарды.
Іле ауданы:
- Энергетик ауылдық округі – Өтеген батыр ауылдық округі;
- Покровка ауылы – Кенен Әзірбаев ауылы;
- Чапаев ауылдық округі және Чапаево ауылы – Байкент ауылдық округі және Байкент ауылы;
- Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы – Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылы;
- ҚазЦИК ауылдық округінің Комсомол ауылы – КазЦИК ауылдық округінің Жайнақ ауылы;
- ҚазЦИК ауылдық округі мен ҚазЦИК ауылы – Асқар Тоқпанов ауылдық округі және Асқар Тоқпанов ауылы.
Кеген ауданында Жалаңаш ауылдық округі және Жалаңаш ауылы Жалағаш ауылдық округі және Жалағаш ауылы болып өзгертіледі
Сондай-ақ Талғар ауданы Панфилов ауылдық округіндегі Қызыл-Ту-4 ауылының атауы Жібек жолы ауылы болып өзгереді.
Алматы облыстық мәслихатының бірлескен шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң, яғни 2024 жылдың 24 ақпанынан бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді