Алматы облысында бір апта бойы әбігерге салған өрт ауыздықталды

Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт ауыздықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бірнеше күн бойы өртенді. Алапат жалыннан шыққан түтін Алматыға дейін жетті, әсіресе, Алатау өңірінде байқалды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, күйіктің өткір иісі күнделікті тіршілікке кедергі келтірген. 20 қыркүйекте Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің сөндірілгенін мәлімдеді.
Қоқыс полигонындағы өрт: Алматы әлемдегі ең лас қалалардың қатарына қосылды
Алматыны түтін мен күйік иісі басып қалды: Оған қоқыс полигонындағы алып өрт себеп болған
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында орналасқан қоқыс полигонында өрт шыққаны туралы жазған едік. Кейіннен Алатау қаласында қоқыс полигонында шыққан өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті