Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 7 баланың әкесі қатыгездікпен өлтірілген: Әйелі мен енесі қамауға алынды

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалған

Алматы облысының Талғар қаласында жеті баланың әкесі қатыгездікпен өлтірілген. Анық болғандай оның әйелі мен енесі күдікті болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 14 ақпанда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оған 30-дан астам пышақ жарақаты салынған. Ал ер адамның әйелі мен енесі күдікке ілініп отыр.

Отбасының адвокатының айтуынша, қақтығыстың себебі жылқыларды сату мәселесі болуы мүмкін.

"Әйелі күйеуінің рұқсатынсыз оның жылқыларын сатқан. Ер адам полицияға арыз берген. Сол арада әйел мен шешесі ұйықтап жатқан күйеуіне шабуыл жасап, 30-дан астам пышақ жарақатын салған деп болжануда", – деді адвокат.



Осы оқиға бойынша "алдын ала сөз байласу арқылы топ болып кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 04 Наурыз, 2026 17:38