Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 35 жастағы азамат төртінші қабаттан секіріп кетпек болды

Алматы облысында төртінші қабаттан секірмек болған ер адамды ТЖД қызметкерлері құтқарып үлгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

видео скрин

Видеодан жасалған скрин

Оқиға бүгін түнде шамамен сағат түнгі 00:55-те Алматы облысы Талғар қаласының жатақханаларының бірінде болған. 

Оқиға орнына дереу төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жетіп, бірден өмір кубы ашылып, жарық мұнарасы орнатылды. Қабылданған шаралармен жатақхананың төртінші қабатынан өзіне қол жұмасамақ болған 1989 жылы туған азамат құтқарылған.



"Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 3 техникасы, ҚР ТЖМ РЖҚЖ 5 қызметкері және 1 техникасы, аудандық полиция басқармасының 2 қызметкері мен 1 техникасы шықты", – деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала ақпарат бойынша бұл іс-әрекетке отбасындағы жанжал себеп болған. Құтқарылған адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне берілді. Көршілердің айтуынша, 35 жасар азамат алкоголь ішіп, пәтерде шу шығарған.

Бұған дейін Шымкентте жасөспірім қыз сыныптастарымен жанжалдасқандықтан, мектептің үшінші қабатынан секіріп кеткен еді.

Талқылау