Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында домбыра мұғалімі 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді

Видеодан скрин

Алматы облысында 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен домбыра үйірмесінің ұстазы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Екеуінің қонақүйге барып, бөлмеге бірге кіргені бастан-аяқ бақылау камерасына жазылған. Көп ұзамай полицейлер жетіп келіп, 33 жастағы ер адамның қолына кісен салады. Ал қонақүйдің қожайыны бұл оқиғаның қасақана ұйымдастырылғанын айтады. Себебі кәмелетке толмаған қыз бұған дейін де дәл осылай өзге азаматқа қастандық жасаған деп отыр.

Оқиға Өтеген батыр ауылындағы "У Розы" қонақүйінде болған. Түнгі сағат 2-ден аса қонақүйге ер адам кірген. Қызметкерден бөлменің бағасын сұрағасын, сыртқа шығып, жанына жас қызды ертіп қайта келген. Ақшасын қолма-қол төлеп, екеуі бос бөлмеге қарай кеткен. Олар бөлмеге кіргеннен кейін көп ұзамай қонақүйге полицейлер келген. 


Қазақстанда оқушы қызды зорлаған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды

"Әкесінен сенімхат алып мектепке апарып жүрген": Алматыда ер адам көршісінің 13 жасар қызын зорлады деген күдікке ілінді


Бұл ақпаратты қонақүй қожайыны растап отыр. Оның айтуынша, бұл – құрыққа түсіру айласы. Алматы облысы полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

“Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстап аудандық бөлімшеге жеткізді. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі обьективті анықтауға бағытталған қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.

Полиция “16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу” бабы бойынша іс қозғағанын атап өтті. Қылмыс дәлелденсе, күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін Көкшетауда ер адам 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 21:40
Талқылау