Алматы облысында 10 жасар баланы 24 жерінен пышақтап кеткен ұры тұтқындалды
Алматы облысында 10 жасар баланы пышақтаған ұры тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 жастағы күдікті Үшаралда ұсталды. Қазіргі уақытта ол Алакөл аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
«10 жасар балаға қарақшылық шабуыл жасап, пышақ жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс облыстық полиция департаментінің бақылауына алынды», - дейді полиция департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.
Қазіргі уақытта зардап шеккен бала аудандық ауруханада жатыр. Оны дәрігерлер бақылауда.
Еске сала кетсек, Алматы облысында 10 жасар баланы 24 жерінен пышақтап кеткен жігіт іздестірліген еді.