Алматы метросындағы уақытша қоршаулардың үстіне жарнамалық стенд қойылды
Алматыдағы метро бекетінде жолаушылар құлап кетпесін деп салынған қоршау ретінде жарнамалық стенд қойылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы метрополитен
Алматы метрополитені "Райымбек батыр" станциясында заманауи қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін жаңа уақытша қоршаулар орнатты. Сөздерінше, ол жолаушылар үшін қорғаныс құралы және жарнамалық құрылым ретінде пайдаланылады.
“Қазір қоршаулардың жел жүктемесіне төзімділігі тексеріліп жатыр. Барлық қажет сынақтан өткеннен кейін осындай қоршаулар метроның басқа станцияларында да орнатылады. Сонымен қатар метрополитен өкілдері бұрын орнатылған темір қоршаулардың да тексеріліп жатқанын, қажет болған жағдайда олардың алынатынын атап өтті”, – делінген хабарламада.

Сөздерінше, бұл – автоматтандырылған платформалық есіктер (screen doors) орнатылғанға дейінгі уақытша шара. Барлық жұмыс кәсіпорынның өз қаражатынан, бюджет қаражатын алмай жүргізілген екен.
Еске салсақ, 2024 жылдың 10 желтоқсанында Алматы метросында көзі нашар көретін 26 жастағы жігіт рельске құлап, көз жұмғаны туралы жазған едік. Кейін Алматы метросындағы уақытша қоршаулар қызу талқыға түсті.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді