Алматы метросындағы төтенше жағдай: Желіде көзі нашар көретін жігітің рельске құлаған сәтінің видеосы тарады
Алматы метрополитеніндегі қайғылы оқиға 10 желтоқсан күні "Абай" станциясында болды. Әлеуметтік желілерде жантүршігерлік сәттің видеосы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
26 жастағы көзі нашар көретін жас жігіт метрополитенде қайтыс болды. Қайғылы оқиға туралы толық мәлімет әлі жарияланған жоқ. Видеода “Абай” станциясынан түскен қыздың оны құтқарып қалуға тырысқанын және жігіттің әп-сәтте қалай құлап кеткенін байқауға болады. Қыз оны ұстай алмағандықтан қауіпсіздікті бақылап жүретін кезекшіні шақырған. Кезекшінің оқиға орнына жүгіріп бара жатқаны көрсетіледі.
Бірақ бұл жағдайдың нақты себептері мен басқа да мән-жайлары белгісіз. Трагедия көпшіліктің назарын аударды.
Айта кетейік, Алматылық қыз 26 жастағы жігіттің метрода пойыз астына қалай құлап кеткенін айтып берді. Оқиға куәгері Әсияның айтуынша, жолаушылар оны құтқаруға тырысты, бірақ жігіттің алған жарақаттары ауыр болды.
Жігіттің беті көгеріп, ісініп кеткен, мүмкін пойыздың астында қалған немесе рельстерге құлаған. Әсия адамдардың бұл жағдайға немқұрайлы қарағанын, халықтың көптігінен айғай-шу болғанын атап өтті.
Ер адам метрода қызды сипағаны үшін 16 жылдан кейін түрмеге қамалды
Еске салайық, бұған дейін көзі нашар көретін жігіт рельске құлап, қайтыс болғанын жаздық. Полиция мен жедел жәрдем келгенімен, азаматты құтқару мүмкін болмады. Бұған қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп, "Абай" станциясы уақытша жабылды.