Алматы маңындағы ұшақ апаты: Ан-26-ның "қара жәшігі" тексеруге жіберілді
Ұлттық қауіпсіздік қызметі Алматы маңындағы әуе апатын тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан үкіметі авиациялық оқиғаны анықтау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің өкілдерінен сараптама комиссиясын құрды. Қазіргі уақытта комиссия мүшелері әуе кемесі апатқа ұшыраған жерде. Борттық жазу құрылғысы ("қара жәшік" деп аталады) алынды. Деректердің шифрын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде, олардың нәтижелері жақын арада жарияланады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, психологтар зардап шеккендер мен марқұмдардың туыстарымен және жақындарымен жұмыс істеп жатыр. Медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласындағы ҰҚК госпиталінің мамандары жұмылдырылған.
Арнайы бөлінген бортпен Е.Васильковтың ата-анасы Петропавлдан Алматыға ұшып келді.
- Алматы маңындағы ұшақ апатының үш негізгі себебі айтылды
- Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болғандардың суреттері жарияланды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті материалдық және өзге де көмек көрсетеді, оның ішінде жерлеу рәсімдерін ұйымдастырады.
Еске сала кетейік, 13 наурызда Алматы әуежайының маңында ҰҚК авиациялық қызметі ұшағы апатқа ұшырады. АН-26 құлап, өртенді. Ұшақ Нұр-Сұлтан - Алматы бағытында рейс орындаған.
Бортта алты адам болған. Олардың төртеуі сол жерде қаза болды.
Қазіргі уақытта дәрігерлер борттағы тағы екі адамның өмірі үшін күресуде. Олардың жағдайы өте ауыр.