Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы маңындағы ұшақ апаты: Аман қалған әскерилер есін жиды

Дәрігерлер Алматыда ұшақ апатынан аман қалған әскери қызметкерлердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі уақытта зардап шеккен екі адам Алматыдағы № 4 қалалық клиникалық ауруханада жатыр.

"Жағдайы тұрақты ауыр, реанимация жағдайында бақылауда. Екі науқас та есін жиды", - деді № 4 ҚКА бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.



Айта кетейік, зардап шеккен әскерилердің бірінің денесін 50 пайыз күйік шалған, екіншісі - 30 пайыз күйік алған. Оларды ауруханаға жатқызғаннан кейін барлық кадрлар, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, 13 наурызда Алматы әуежайының маңында ҰҚК авиациялық қызметі ұшағы апатқа ұшырады. АН-26 құлап, өртенді. Ұшақ Нұр-Сұлтан - Алматы бағытында рейс орындаған. 

Бортта алты адам болған. Олардың төртеуі сол жерде қаза болды. 

Талқылау