Алматы маңындағы ауылдардың тұрғындары жарық пен жылусыз отырғандарына шағымданды

Фото: Видеодан скрин
Алматы облысының тұрғындары қыста жарық пен жылусыз отыруға мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңалық ауылының тұрғындары әкімдікке мәселені бірнеше рет айтқанымен еш нәтиже болмапты. Жел тұрса, электр тоғы бірден сөнеді дейді олар. Ол өшсе, бүкіл тіршілік тұралайды. Өйткені пеш қосылмайды, қытымыр қыста үй ішінде жылу да болмай қалады.
“8 сағат жарық болған жоқ. Жарық болмағаннан кейін от жаға алмадық. От жақпағаннан кейін үйдің іші суық. Сағат 4-те өшті, түнгі сағат он жарым, он бірде жанды. Үнемі жарық өшіп қалады. Кішкене жел бола ма, шөптің басы кішкене қимылдай ма сол да жетіп жатыр”, – дейді Жаңалық ауылының тұрғыны Мөлдір Нысанбаева.
Әкімдік жарықтың өшуін апаттық жағдайлардың жиі болуымен байланыстырады. Бірнеше елдімекен бір транформаторға қосылған. Сондықтан кейде қысымды көтере алмай қалады дейді.
“Жарықтың жиі өшуі соңғы екі айда өшкені авариялық жағдайға байланысты. Біреуінде газ тарту кезінде мердігер компанияның тракторисі зақым келтіруінен болды. Ал екіншісінде жоғарғывольтты сызықтыңбасында шыныдағы резинасы күйіп кеткен”, – дейді Қайнар ауылдық округінің әкімі Нұрбол Есенбаев.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"