Алматы маңындағы ұшақ апатының үш негізгі себебі айтылды
Алматы маңында құлаған әскери ұшақтың апатқа ұшырауының үш негізгі себебі қарастырылуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.
Алматыдағы ұшақтың құлауына ауа-райы, техникалық ақаулар және адам факторы себеп болуы мүмкін.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары қайғылы оқиғаның нақты себебін анықтап жатыр.
ҰҚК Авиациялық қызметіне тиесілі Ан-26 әскери ұшағы 13 наурызда апатқа ұшырады. Ұшақ Нұр-Сұлтан - Алматы бағытында рейс орындаған.
Ұшақ радардан жергілікті уақыт бойынша 17.20-да жоғалып, шамамен екі минуттан кейін апатқа ұшырады.
Бортта алты адам болған. Олардың төртеуі сол жерде қайтыс болды. Қайтыс болғандар: аға лейтенант Баймұратов Досжан - 43 жаста, сержант Евгений Васильков - 34 жаста, лейтенант Сағынбаев Мұхтар - 26 жаста, майор Барлықбаев Ғабит - 34 жаста.
- Құстың жұмыртқасын жеп күнелтті: Ұшқыш ұшақ апатынан соң бір ай орманда өмір сүрген
- Елімізде ұшақ билеттері қымбаттамақ
Тек екеуі ғана аман қалды, әскери қызметшілер оқиға орнынан жедел түрде 4-қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, мұнда жетекші травматологтар мен реаниматологтар жұмысқа кірісті. Қазіргі уақытта науқастар жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетіледі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатынан қазақ тапқандардың отбасына көңіл айтты.
Мемлекет басшысы апаттың себептерін тергеуді тапсырды.