Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 3 балдық жер сілкінісі болды

Фото: Google-дан скрин

19 ақпанда Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуі Қазақстанның Алматы облысының бірқатар елді мекендерінде әлсіз деңгейде сезілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, 19 ақпанда Астана уақыты бойынша 14:09  жерсілкінісі тіркелді. Жерсілкінісі ошағы  Қырғызстан мен Қытай шекарасында аумағында, яғни Алматы қаласынан  оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым жерде орналасқан.

  • Жер сілкінісінің координаттары 42.176° солтүстік ендік, 80.438° шығыс бойлық. 
  • Ошақ тереңдігі 15 шақырым. Энергетикалық класы 12.8, магнитудасы MPV 5.3 болды.

Айта кетейік, Алматы облысының кейбір елді мекендерінде 2-3 балл шамасында тіркелді. Атап айтқанда, Райымбек ауданындағы Нарынқол ауылында және Кеген ауданындағы Кеген ауылында 3 балл, ал Жалағаш, Саты, Көкпек, Шелек, Түрген, Маловодное ауылдарында, сондай-ақ Жетісу облысының Жаркент қаласында 2 балл деңгейінде сезілген.



Еске салайық, осыдан екі күн бұрын Алматы қаласы мен маңындағы елді мекендерде жер асты дүмпулері сезілді. Алдын ала деректерде магнитудасы шамамен 5,1 болуы мүмкін екені айтылғанымен, төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқанын және қалада есептік қарқындылығы 2-3 балл болғанын хабарлады. Министрлік Mass Alert жүйесі тек 5 баллдан жоғары жағдайда ғана қосылатынын түсіндіріп, тұрғындарды дүрбелеңге бой алдырмауға және ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 19 Ақпан, 2026 15:30