Алматы-Қорғас тас жолында жол апатынан 4 адам қаза тапты
12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында жол-көлік апаты тіркеліп, салдарынан 4 адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған
Алматы облысы полициясының дерегінше, Toyota Hiace жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған.
“Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумақта туристер мінген автобус жол апатына ұшырағанын жаздық. Көлік ішінде 37 адам болған. Оқиға 27 мамырда сағат 10:20-да болған. Деректерге сай автобус “Қазавтожол” желісіне жататын “Аласа” асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"