Алматы қаласының мектептері BilimClass платформасында қалатын болды
Фото: Kundelik.kz
Алматы қаласының мектептері BilimClass платформасында қалатын болды. Сот Kundelik компаниясының талабын қанағаттандырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты “Күнделік (Kundelik)” ЖШС-нің қалалық білім басқармасына қарсы берген талап арызы бойынша бұрын шығарылған шешімін қайта қарады.
Сот материалдарынан белгілі болғандай, 2026 жылғы 13 қаңтардағы шешімде техникалық қате жіберілген. Сот құжаттың қарарлық және уәждемелік бөліктерін түзетіп, Kundelik компаниясының қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтініші қанағаттандырылмайтынын көрсетті.
Осылайша, сот шешінен Алматы қаласының білім басқармасына, сондай-ақ қаладағы мектептер мен білім беру ұйымдарына Kundelik жүйесінің орнына BilimClass платформасын немесе өзге де ақпараттық жүйелерді енгізу мен пайдалануға байланысты әрекеттерді жасауға тыйым салу туралы ережелер алып тасталды.
Шешім дереу орындалуға жатады және оған он жұмыс күні ішінде Алматы қалалық сотына апелляциялық тәртіппен шағым жасауға болады.
Айта кетейік, 2026 жылғы 13 қаңтарда сот Алматы мектептеріне Kundelik-тен BilimClass-қа көшуге тыйым салған еді.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты