AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірінің мәнсіздігінен осындай қадамға барған: Алматыда өзіне қол жұмсамақ болған 44 жастағы ер адам құтқарылды

Алматы қаласында Назарбаев пен Абай даңғылдарының қиылысындағы мұнарадан секірмек болған 44 жастағы ер адамды полиция қызметкерлері құтқарып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық ІІД Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының қызметкері Талғат Сейілбаевтың айтуынша, полиция қызметкерлері оқиға орынына барған кезде, "Француз үйі" дүкенінің күзетшісі жоғарыға көтеріліп, ер адаммен барынша келіссөз жүргізген.

"Буран-160" экипажының патрульшілері төменнен өтіп бара жатқан адамдармен бірлесіп қауіпсіздік шатырын құра бастаған.Ыңғайлы сәтті күткен Талғат Сейілбаев өз күзеттерімен білдіртпей мініп, секіргелі тұрған ер адамды ұстап алып, баспалдақпен төмен түсірген. Өмірін қиғысы келген белгісіз адам сол сәтте алькогольге масайып, өз әрекетінің себебін түсіндіре алмаған”, – дейді полиция қызметкері.



Патрульдік бригада тергеу үшін оны аудандық полиция бөліміне жеткізген. Кейіннен жеке басы туралы дерек анықталған 44 жастағы, тұрғылықты тұратын жері тіркелмеген, М есімді азамат айығып есін жиған соң, бұндай әрекетке өмірінің беймазалығынан барғанын айтады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр