Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда коронавирус індетінен 97 жастағы кейуана көз жұмды

Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

науқас

Науқастың жасы 97-де еді. Оған КВИ диагнозы 25 сәуірде қойылды.

Әйелдің өлімі «Мидағы қан айналымының бұзылуы, сол жақтағы гемиплегия, ХИБС, ишемиялық кардиомиопатия, асқазан экстрасистолиясы, өткір тыныс алу және жүрек-қантамыр жетіспеушілігі, сол жақ пневмониясы» сияқты негізгі аурулардан болған.

Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланған.

Өткізілген терапияға қарамастан, әйелдің жағдайы нашарлап, полиоргандық жетіспеушілік белгілері байқалған, сағат 08:05-те тыныс алуы мен жүрегі тоқтап қалған.

30 минут бойы өткізілген реанимациялық шаралар көмектескен жоқ. 26 сәуір күні сағат 08:35-те биологиялық өлім тіркелді.

Пациент ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған соң, провизорлық стационарда жатқан.

Қазақстанда індеттен барлығы 26 адам көз жұмды:

Нұр-Сұлтан қаласы – 3

Алматы қаласы – 9

Шымкент қаласы – 4

Ақмола облысы – 4

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Қарағанды облысы – 1

Қостанай облысы – 1

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Түркістан облысы – 1

Талқылау