Алматы қаласы мен облысында бірден жеті полиция қызметкері пара алды деген күдікке ілінді
Алматы қаласы мен облысында бірден жеті полиция қызметкері пара алды деген күдікке ілінді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсынған ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы мен облысы бойынша патрульдік полицияның 7 қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ақпаратқа сүйенсек, олар бірнеше рет пара алды деп күдіктенуде. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған.
- Бұрынғы вице-министр Нұржан Әлтаев ай сайын 5000 доллар пара алып келген - Антикор
- 10 мың теңге үшін жаза: Шымкентте ерекше қажеттілігі бар адамнан пара алған шенеунік айыппұл арқалады
“Сонымен қатар инспекторлар жолдарда іс жүзінде құқық бұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген. Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды”, – делінген бейсенбіде тараған ақпаратта.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек