Алматы қаласы "бұрынғы уақыт белдеуіне" көше ме – Жергілікті билік жауап берді
Алматы әкімдігі мен мәслихаты "қаланың өз уақыт белдеуіне" көшу мүмкіндігі туралы сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Алматы қаласы әкімі аппаратының мәліметінше, жаңа жұмыс кестесіне көшу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.
"Тұрғындардан, қоғам қайраткерлерінен, депутаттардан немесе басқа да азаматтардан мұндай өтініштер түскен жоқ", – делінген әкімдік жауабында.
Алматы қалалық мәслихаты жергілікті кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелерді және басқа да ведомстволарды жаңа жұмыс кестесіне көшіру туралы ұсыныс түспегенін хабарлады.
"Алдағы сессияда бұл мәселені қарау жоспарда жоқ. Айта кету керек, Еңбек кодексіне сәйкес күнделікті жұмыстың ұзақтығы, басталу және аяқталу, үзіліс уақыты еңбек тәртібі ережелерінде, еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленген қағидаларды сақтай отырып жүргізіледі”, – делінген жауапта.
Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы түгелдей "бұрынғы уақыт белдеуіне" ауысқаны туралы жазған едік.