Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда судьяның үкімді меңзегендей жасаған қимылы жұрттың сынына ұшырады (видео)

СудьяФото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бахытхан Бакирбаевтың сот отырысы кезінде қолымен белгі көрсеткен сәті тарады. Желі қолданушылары судьяның саусақпен көрсеткен ишарасын "торға" немесе "хэштегке" ұқсатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соттың мәліметінше, бұл оқиға 2024 жылы өткен процесте болған. Ол кезде атышулы қылмыстық іс бойынша үш айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш қаралып жатқан.

"Сот отырысында қатысушылардың бірі залдан шығып кетпек болды. Сол кезде судья мұндай әрекеттің жол берілмейтінін ишарамен ескертті. Өйткені дәл сол сәтте қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі талқыланып жатқан. Яғни көрсетілген ишара тек тәртіпті сақтау мен процестің тиісті өтуін қамтамасыз ету мақсатында жасалды", – делінген сот хабарламасында.

Сонымен қатар аталған істі қарау барысында судьяның әрекетіне байланысты бірнеше шағым түскені айтылды. Судьялық әдеп жөніндегі комиссия ол шағымдарды қарап, судьяның кейбір әрекеттеріне қоғамдық сөгіс жариялаған.


Берденов ісі бойынша сот отырысында тілін шығарған судья тексерілмек


Қазақстанда қалалық соттың төрағасын үкім шығара салып, сот залында қамауға алды


Еске салайық, 18 тамыз күні Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісін қарау барысында төрағалық еткен судья Әбінұр Қарабаев камераға қарай тілін шығарып, бұл әрекеті журналистің видеосына түсіп қалған. Енді оның іс-әрекеті судьялық әдеп кодексін бұзу-бұзбағаны тұрғысынан тексерілмек.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 20 Тамыз, 2025 14:02
Талқылау