Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері 341 миллион теңге жымқырған

Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен қалалық емхананың бухгалтерлері К.Хангиреева мен А.Туғанбаева сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қаржы мониторингі агенттігі

Жоғарғы соттың мәліметінше, олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.

"Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.



Еске салайық, бұған дейін "Балқаш Жылу" ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және бас бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталғанын жаздық. Сотталғандар 2020 жылғы маусым мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Балқашты жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және жұмысын үздіксіз қамтамасыз  етуге арналған бюджет қаражатын іс жүзінде қандай да бір азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалмаған жалған кәсіпорындардың шоттарына негізсіз аудару жолымен ұрлаған.

Талқылау