Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы CNN-нің ең үздік туристік бағыттары тізіміне енді

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы CNN нұсқасы бойынша үздік туристік бағыттар тізіміне енді. Сондай-ақ Booking.com платформасының трендтер рейтингіне кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаланың туризм департаментінің мәліметінше, жылдың алғашқы жартысында Алматыға келген туристер саны айтарлықтай артқан.

“Екінші тоқсанда қалаға 1,1 миллионнан астам адам келген. Оның ішінде 323 500 мыңы – шетелдік туристер, ал 816 500 мыңы – қазақстандық саяхатшылар. Шетелдік нарықтар арасында көшбасшылар – Үндістан (56,2 мың) және Қытай (54,1 мың, өткен жылмен салыстырғанда +33,4%). Сонымен қатар негізгі елдердің қатарына Түркия (17,9 мың), Оңтүстік Корея (9,7 мың), АҚШ (9,6 мың), Біріккен Араб әмірліктері (6,7 мың) және Германия (6,4 мың) кіреді”, – делінген хабарламада.

Туризм басқармасының мәліметінше, халықаралық туристер легінің артуына әуе қатынастарының дамуы, жаңа бағыттардың ашылуы әсер еткен.

Сонымен қатар, халықаралық турлар мен B2B-кездесулер ұйымдастырылған. Соңғы бес ірі көрмеге қатысудың нәтижесінде – GITF Гуанчжоу, ITB Шанхай, SITF Сеул, ITE Гонконг және BITE Пекин – шетелдік серіктестермен 150 келісімге қол қойылған. Бұл келісімдер арқылы алдағы уақытта шамамен 159 мың шетелдік турист тарту жоспарланып отыр.

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 08 Қараша, 2025 19:55
Талқылау