Алматы бағытындағы ұшақ жолаушының жағдайы нашарлап, Ақтөбеге шұғыл қонған

Фото: Scat.kz
Scat әуе компаниясының Ақтөбе - Алматы бағытында ұшып шыққан ұшағы жолаушылардың бірінің жағдайының нашарлауына байланысты Ақтөбеге қайта оралды. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан жолаушы көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әуе компаниясының мәліметінше, DV712 Актөбе – Алматы рейсін орындау барысында бір жолаушының жағдайы кенеттен нашарлаған.
"Экипаж алғашқы көмек көрсетті. Жолаушылардың ішінде медициналық білімі бар, кардиолог дәрігерлер де көмекке келген. Олар бортсеріктермен бірге реанимациялық шаралар жүргізді", – деді баспасөз қызметі.
Әуе кемесінің командирі әуежайға қайта оралу туралы шешім қабылдағаны нақтыланды.
11 жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ұшақты іздеу жұмыстары қайта жанданды
Мыңдаған Airbus ұшақтарынан ақау анықталды: Енді кей рейстер кешігіп, кейбірі тоқтатылмақ
"Қону барысында жолаушы жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Олар реанимациялық шараларды жалғастырған, алайда кейін жолаушының көз жұмғаны белгілі болды", – деп хабарлады компания.
Баспасөз қызметі ұшу кезінде жолаушыға көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын атап өтті.
"Әуе компаниясы жолаушының туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтады", – деді компания.
Еске салсақ, Ыстамбұлдан Ақтөбеге ұшқан Pegasus әуе компаниясының ұшағы Ақтау қаласына қонды. Наразылық білдірген жолушылар ұшақтан түсуден бас тартқан.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды