Алматы әуежайындағы жанжалға қатысы бар екінші күдікті ұсталды
Алматы әуежайындағы жанжалға қатысы бар деп айыпталған екінші күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы көлік полиция департаменті мәлімдеді.
Күдікті FlyArystan әуе компаниясының хабарландыру жүйесіндегі қатеге байланысты рейске кешігіп келген 55 жастағы ер адам болып шықты.
"Қазір 19 тамызда Алматы халықаралық әуежайында орын алған оқиғадан кейін көлік полициясының қызметкерлері төбелестің екінші қатысушысы – 55 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды", – делінген көлік полиция департаментінің хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін ұшаққа кешігіп келген FlyArystan жолаушылары Алматы әуежайында бүлік шығарғаны туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"