Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайындағы ұшақтардың жаппай кешігуі: Жолаушылар 10 сағаттан бері ұша алмай отыр

Фото: depositphotos.com

Алматы әуежайында ауа райының нашарлауына байланысты ұшақтардың ұзаққа созылған кешігулері тіркелді. Бөл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Онлайн-табло деректеріне сәйкес, бірқатар рейстер, соның ішінде Дубайға бағыт алған ұшақтар да кесте бойынша ұша алмаған.

Кешіктірілген рейстердің арасында Emirates әуе компаниясының таңғы EK 242 рейсі де бар. Атылмыш рейс 03:55-те ұшуы керек болған. Таблода ұшу уақыты бірнеше рет өзгерді: әуелі 22:00-ге шегерілді, кейін 00:30-ға ауыстырылды.

Ұшуға кешіккен рейстер тізімі:

- Emirates, EK 2423 (Дубай) – 20 сағат 35 минут кешігу;

- FlyDubai, FZ 1722 (Дубай) – 20 сағат 35 минут кешігу;

- FlyArystan, FS 7057 (Астана) – 45 минут кешігу;

- Air Astana, KC 969 (Шымкент) – 55 минут кешігу;

- FlyArystan, FS 7202 (Атырау) – 20 минут кешігу.

Ұшып келуі тиіс кешіккен рейстер тізімі:

- SCAT, DV 726 (Өскемен) – 3 сағат кешігу;

- Air Astana, KC 910 (Сеул–Инчхон) – 2 сағат 10 минут кешігу;

- Fly Arystan, FS 7152 (Семей) – 3 сағат 30 минут кешігу;

- Air Astana, KC 302 (Өскемен) – 4 сағат 40 минут кешігу;

- SCAT, DV 5319 (Фукуок) – 1 сағат 10 минут кешігу;

- Air Astana, KC 864 (Ақтөбе) – 50 минут кешігу;

- SCAT, DV 740 (Жезқазған) – 1 сағат кешігу;

- SCAT, DV 770 (Атырау) – 55 минут кешігу;

- Air Astana, KC 854 (Астана) – 55 минут кешігу;

- SCAT, DV 808 (Минск) – 1 сағат 15 минут кешігу;

- SCAT, DV 5321 (Фукуок) – 1 сағат 40 минут кешігу;

- Fly Arystan, FS 7330 (Астана) – 1 сағат 40 минут кешігу;

- Air Astana, KC 986 (Қызылорда) – 25 минут кешігу;

- Air Astana, KC 266 (Жидда) – 2 сағат 45 минут кешігу;

- Air Astana, KC 642 (Астана) – 35 минут кешігу;

- Air Astana, KC 908 (Дели) – 1 сағат 25 минут кешігу;

- SCAT, DV 738 (Петропавл) – 1 сағат 20 минут кешігу;

- SCAT, DV 5317 (Фукуок) – 1 сағат 45 минут кешігу;

- SCAT, DV 7972 (Шымкент) – 2 сағат 10 минут кешігу;

- Air Astana, KC 898 (Дубай) – 2 сағат 45 минут кешігу;

- Fly Arystan, FS 7142 (Қостанай) – 45 минут кешігу;

- Air Astana, KC 142 (Тбилиси) – 40 минут кешігу;

- Air Astana, KC 586 (Мале) – 3 сағат 40 минут кешігу;

- Fly Arystan, FS 7058 (Астана) – 10 минут кешігу;

- Air Astana, KC 996 (Астана) – 15 минут кешігу;

- SCAT, DV 7291 (Ақтау) – 40 минут кешігу;

- Air Astana, KC 264 (Медина) – 3 сағат 10 минут кешігу;

- Air Astana, KC 970 (Шымкент) – 40 минут кешігу.

Алматы әуежайының баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді.

"Бұл кешігулердің барлығы біз бұған дейін хабарлаған ауа райы жағдайларына байланысты орын алып отыр. Қазір әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, кешіккен рейстер кезегімен ұшырылуда. Түнгі кешіккен рейстердің барлығы қазір жөнелтілді. FlyDubai және Qatar Airways әуе компанияларының экипаждарының жұмыс уақытына қойылған шектеулерге байланысты аталған әуе компаниялар рейстердің кідіріс уақытын белгісіз мерзімге ұзарту туралы шешім қабылдады. Рейстерге қатысты қосымша ақпарат алу үшін қажетті әуе компанияларға тікелей жүгінуді сұраймыз", – деді әуежай өкілдері.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде Air Astana арқылы Астанаға ұшпақ болған өскемендіктердің 25 сағаттан бері ұшақтың ұшуын күтіп отырғандарын айтқан видеосы тарады. Жолаушылардың айтуынша, кешігуге ұшақтың қатып қалуы себеп болған.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025 20:17