Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайындағы төлқұжаттық бақылау жүйесі істемей, ұзын-сонар кезек пайда болды

Алматының жаңа халықаралық әуежайындағы паспорттық бақылау жүйесінде ақау болып, ұзын-сонар кезек пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Жолаушылар әуежайда ұзақ күткені туралы шағымдарын әлеуметтік желілерде жариялады. Жүйенің жұмысын қалпына келтіру үшін жарты сағат қажет болған.

Алматы әуежайының баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді.

"Паспорттық бақылау жүйесінде техникалық ақау болды. Ақаулар жойылды. Алдын ала тексеру мен сканерлеу кезінде проблемалар болмаған. Ақау себебінен рейстердің кешігуі байқалмады. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", – делінген әуежай хабарламасында.



Еске салайық, бұған дейін Ақтауда ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкенттен ұшатын ұшақ әуежайға қонбай, Атырауға кетіп қалған. 29 қыркүйек күні сағат 10:40-та 140-қа жуық жолаушы Шымкенттен ұшып, Ақтауға 13:00-де жетуге тиіс болған. Бірақ ауа райының қолайсыздығынан ұшақ бағытын өзгертіп, Атырау әуежайына қонды.

Талқылау