Алматы әуежайында жалған құжатпен өтпек болған екі шетелдік ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік қызметі Шекара қызметі Қазақстан аумағынан заңсыз өтпек болған екі шетелдік азаматты анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰҚК
2024 жылы 1 наурыз күні Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде екі шетелдік Франция Республикасының жалған құжатымен шекара аспақ болды.
Арнайы техникалық құралдардың көмегімен құжаттардың жарамсыздығы расталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жалған төлқұжаттардың тәркіленіп, шетелдік азаматтар депортацияланғанын мәлімдеді.
- Желіде алаяқтар тірі баланы өлді деп, жаназасына ақша жинаған
- "Қынапты тарылту арқылы ләззат сыйлау". Косметологқа 1,5 миллион теңге төлеп, курсқа қатысқан әйелдер сан соғып қалды
2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды пайдаланудың 38 фактісінің жолын кесті.
Айта кетейік, ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдалана отырып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Бұған дейін Шымкентте жалған ақшаны өткізгендерден жасанды 100 долларлықтар тәркіленгені туралы жазған едік.