Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайында қызметкердің кепілге алынуы: Сотталушы кінәсін мойындады

әуежайда кепілге алу

Видеодан скриншот

Сот Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратовтың ісін қарауды жалғастырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот отырысында прокурор Алмас Бертаев айыптау актісін оқыды. Баратов 293-баптың 3-бөлігі "Бұзақылық", 261-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы "Кепілге алу" және 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша айыпталып отыр. Сондай-ақ прокурор іс материалдарын зерттемей, сот талқылауын қысқартылған тәртіпте жүргізуді ұсынды.

Сотталушы Машрапбек Баратов өз кінәсін мойындады.

Айта кетейік, бұған дейін пышақ ұстаған ер адамның Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алғаны туралы хабарлаған едік. Желіде оқиға орнынан видео пайда болған. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан тартып ұстап алғанын байқауға болады.

Кейіннен қызметкерге пышақпан шабуылдаған күдіктінің кім екені анықталған. Тоқаев Алматы әуежайында күдіктіні ұстаған адамды мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырған. 

Осыған дейін Алматы әуежайында қызды кепілге алған 67 жастағы Машрапбек Баратовтың соты басталған еді. Машрапбек Баратов өз кінәсін мойындады. Айыптау қорытындысынан ер адамның Алматыдан билетсіз ұшпақ болғаны белгілі болды.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 15 Шілде, 2025 12:24
Талқылау