Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайында бүлік шығарған: Fly Arystan жолаушысына қатысты сот үкімі шықты

Жақында Алматы әуежайында рейсіне кешігіп келген Fly Arystan жолаушылары бүлік шығарған еді. Астана соты бүлікке қатысқан әйелге қатысты шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Елорданың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы халықаралық әуежайында бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірді деп айыпталған Х. есімді азаматшаға қатысты істі қарады. Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы әуежай ғимаратындағы мониторға зақым келтірген.

"Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодек бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілік қарастырылған", — деді сот.


Air Astana жолаушысы ұшақта тұншығып қала жаздаған: Оның үстінен бұзақылық жасады деп іс қозғалды


Алайда азаматша Х кәмелетке толмаған үш баланың анасы болғандықтан, қамауға алу мүмкін болмады.

Сот кінәсін мойындау, соттылығының болмауы сияқты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылдады. Ешқандай ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Ұшаққа кешігіп келген FlyArystan әуе компаниясының жолаушылары Алматы әуежайының техникасын қиратқан.

Талқылау