Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайында көлік тұрағы қымбаттайды

Алматы әуежайында 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап автотұрақ тарифтері көтеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Алматы қаласы баспасөз қызметі

Алматы әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, тұраққа жаңа тарифтер 2025 жылдың басынан енгізіледі. 



"2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғары сапалы автотұрақ қызметтерін ұсыну үшін, операциялық шығындардың өсуіне байланысты әуежай тұрақтарының жаңа тарифтері енгізіледі", – делінген хабарламада. 

Бұрын 15 минуттан 60 минутқа дейінгі пакет 500 теңге болса, енді ол 600 теңгеге көтеріледі. 1 сағаттан 2 сағатқа дейінгі баға 700 теңгеден 850 теңгеге дейін өседі. 24 сағаттан астам тариф те қымбаттайды. Ол бұрын 5000 теңге болса, енді 6000 теңгеге жоғарылайды.

Барлық автотұрақтардың бағасы өседі деп жоспарланған. Мысалы, 1 сағаттан 2 сағатқа дейін тұрақ 400 теңге болса, енді 500 теңге болады.

Бұл тұрақ үшін де тарифтер көтерілмек. Мысалы, нөлден алты сағатқа дейін биыл 500 теңге болса, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 600 теңгеге өседі. 

Айта кетейік, бұған дейін "Евразия" СК көршілердің автотұрақ үшін таласында көліктердің қалай зақымдалатынын айтқан еді. 

Талқылау