Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында "Тәуелсіздік" монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Салтанатты рәсім қала әкімі Ерболат Досаевтың, мәслихат депутаттарының, Қоғамдық кеңес, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Іс-шараға қатысушылар метрономның үнімен Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірлерін қиып,қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Рәсім Алматы өңірлік гарнизоны әскери-үрлемелі оркестрінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындауымен аяқталды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"