Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі лай көшкіні салдарынан қаза тапқан отбасының артында қалған ұлына оқу ақысын төлеп бермек

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні салдарынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, марқұмдарды жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Лай кошкин 2024

Әкімдік таратқан ақпаратта Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтқаны айтылады.

"Құтқару қызметі Медеу ауданындағы қираған үйде тұрған отбасы мүшелерін іздеуді аяқтады. Қайғылы оқиға 4 адамның өмірін қиды. Мен қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақпын. Оларға шын жүректен қатты қайғырып, көңіл айтамын", – деді Досаев.



Ақпаратқа қарағанда, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша отбасының қаза тапқан мүшелерін жерлеуді ұйымдастыру үшін көмек көрсетіледі.

“Студент және қазіргі уақытта елден тыс жерде оқитын қаза болған отбасының үлкен ұлына білім алуға және елімізге келген соң өмір сүруіне материалдық қолдау көрсетіледі”, – деп қосты әкімдік.

Еске салайық, Алматыдағы Медеу ауданында 8 ақпанға қараған түні сел жүріп, екі үй зақымдалған еді. Оқиға орнына келген құтқарушылар үйде болған 4 адамды іздестірген. 

ТЖД құбырдың жарылуы селдің алдын ала себебі болуы мүмкін екенін айтқан. 

Бұған дейін лай көшкіні салдарынан қираған үй астынан 1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіз жасөспірімдердің денелері табылған еді.

Талқылау