Алматы әкімдігі қала тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күйін зерттеуге 300 миллион теңгеден аса қаржы бөлген

Алматы әкімдігі социологиялық зерттеулер жүргізу және әкімдікке қатысты жаңалықтар мен жарияланымдарды бақылау жұмыстарына 318 миллион теңге қаржы бағыттаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жұмыстарды "Центр мониторинга и анализа" мекемесі жүзеге асырады.
2025 жылдың сәуір айында осы жұмыстардың бір бөлігі ретінде қала бюджетінен 5,8 миллион теңге бөлінген. Оған "Алматылықтардың сыбайлас жемқорлыққа көзқарасы" тақырыбында социологиялық зерттеу жүргізілді. Есеп дерегінше, сауалнамаға 1000 қала тұрғыны қатысқан.

Фото: goszakup.gov.kz
Сонымен қатар, өзге де тақырыптар бойынша бірқатар cауалнамалар өткізілген:
- "Алматылықтардың экологиялық санасының деңгейі" – 5,8 млн теңге;
- "Алматылықтардың еңбек кестесінің өзгеруіне көзқарасы" – 6,9 млн теңге;
- "Алматы қаласындағы қоғамдық-саяси жағдайды мониторингтеу" – 5,8 млн теңге;
- "Алматылықтардың өз ауданындағы жағдайға бағасы" – 6,9 млн теңге;
- "Алматы қаласындағы әлеуметтік шиеленіс деңгейін бағалау" – 6,9 млн теңге.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл жұмыстардың басты мақсаты қоғамның әлеуметтік көңіл-күйін, тұрғындардың әкімдік қызметіне және қаладағы өзекті мәселелерге деген көзқарасын зерттеу.
Қазіргі уақытта 318 миллион теңгенің 204 миллионы сауалнама жүргізу және ақпараттық дайджестер дайындау жұмыстары үшін төленген.
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіруге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады