Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алманың адам өміріне қай кезде қауіп туғызатынын білесіз бе?  

Әдетте алманы «денсаулық жемісі» деп атайды. Оған бір себеп оның құрамында көптеген дәрумендер мен антиоксиданттардың болуы. Алайда көпшілік алманы соңына дейін, яғни түбі мен сүйектеріне дейін жеуге болмайтынын біле бермейді.

Screenshot_1

Ағылшын тілінде мынадай мақал бар: «Күніне бір алма жеген адам дәрігердің алдына бармайды» (An apple a day keeps the doctor away). Алманы тұтыну көптеген аурулардың, оның ішінде обырдың да алдын алатыны анықталған. Басқа жеміс-жидектермен салыстырғанда құрамында С дәрумені көп мөлшерде болмағанымен, алма антиоксиданттарға бай. Алманың өзегі ішектің жиырылуына себеп болып, жүректің жұмысын жақсартады әрі холестериннің мөлшерін азайтады.

Кейбір диетологтар алманы тұтастай жеуге кеңес береді. Алайда ол дұрыс емес. Алманың сүйегінде өте қауіпті қоспа — бадам қышқылы нитрилінің генцибиозиды C20H27NO11 немесе амигдалин бар. Сондай-ақ, бұл шие, бадам, шабдалы және алхоры тектес өсімдіктердің басым бөлігінде бар. Амигдалинның мөлшері әр жемісте әртүрлі болып келеді. Мәселен бадам мен шабдалының құрамында шамамен 2,5−3% болса, өрікте – 1,8%, ал алманың құрамында — 0,6% болады.

Screenshot_3

Ғалымдар жеміс-жидектердің қауіптілігін еске салды. Амигдалинмен уланған адамның кем дегенде басы аурып, жүрегі айниды. Ауыр науқастанса, адам цианоз, тырыспаға шалдығып, есін жоғалтуын мүмкін. Оның ақыры өліммен аяқталуы да ғажап емес.

Жаңа Зеландияда 30−60 өрік сүйегін тұтынғаннан кейін амигдалинмен уланған адам тіркелген. Нақты неше алма сүйегінің улануға әкеліп соқтыратыны саналған жоқ, алайда аз мөлшерде болса да әр сүйектің зиян алып келетінін ұмытпағайсыз.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар кесір тілігін жасатудың сәби денсаулығына зиянын айтып өтті

Спорттық жаттығулар өлімге душар етеді

Лондон ғалымдары рак ауруының емін тапты

Талқылау