Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Allur компаниясы Qazaq Tili Endowment қорына 100 миллион теңге аударды

Аллюр

Allur компаниясы мемлекеттік тілді қолдау және дамытуға бағытталған жобаларға үлес қосу үшін Qazaq Tili Endowment қорына 100 миллион теңге аударды.

Бұл қадам мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстарды қолдау мақсатында қабылданды және мемлекет басшысы айқындаған бастамалармен үндеседі.

Бүгінде қорда жиналған қаражат көлемі 703 669 299 теңгеге жетті. Осы қаржы есебінен қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған жүзге жуық жоба мен іс-шара жүзеге асырылды.

"Қазақ тілі" халықаралық қоғамы 1989 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ұйым тіл жанашырларын, сарапшыларды және өңірлік қауымдастықтарды біріктіре отырып, қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға, оның қоғам мен мемлекеттік басқару салаларындағы рөлін күшейтуге тұрақты түрде атсалысып келеді.

Мәдени кодты қолдау – Allur стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі. Компания осы ретте қазақ тіліне кітап аудару секілді жобаларын жүзеге асырып, алғашқы қазақтілді квизге қолдау көрсетті. Сонымен қатар ай сайын ашық форматтағы public talks кездесулерін өткізіп келеді және ұлттық спорт түрлерін жүйелі түрде қолдайды.

Allur – 2003 жылы құрылған қазақстандық автомобиль компаниясы. Компания ел аумағында автокөлік өндірумен және сатумен айналысады, бірқатар халықаралық брендтің ресми дистрибьюторы және дилерінің бірі.

Өндірістік база Қостанай қаласында орналасқан. Мұнда толық циклді автокөлік құрастыру жүзеге асырылады. Компания Қазақстандағы автомобиль өндірісінің елеулі үлесін қамтамасыз етеді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 18 Ақпан, 2026 09:00