Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Антимонополиялық агенттік "Allur Auto Astana" көлік сатып алушыларының құқығын бұзғанын анықтады

Астанада бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Allur Auto Astana" ЖШС монополияға қарсы заңнаманың бұзып, сатып алушылардың құқығын шектегенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: sto-frunzenskaya.ru

"Allur Auto Astana" компаниясы сатып алушылардың құқықтарын шектеген. Олар мотор майын ауыстырған және тәуелсіз қызмет көрсету орталықтарында техникалық қызмет көрсеткен жағдайда автокөлік кепілдігін алып тастапты. Осылайша автосервистік қызметтер нарығында бәсекелестікті дамытуға кедергілер жасалып, тұтынушылардың құқықтары бұзылды.



Департамент ереже бұзылғанын анықтап, компанияға хабарлама жіберді.

“Қазіргі уақытта "Allur Auto Astana" ЖШС осы шектеулердің жойылғанын растады. Енді сатып алушылар өз көліктеріне кепілдікті жоғалтпай, уәкілетті және тәуелсіз қызмет көрсету орталықтарында қызмет ала алады”, – деп мәлімдеді агенттік.

Талқылау