Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алладан көмек сұрадық": Астаналықтар саялы бақты сақтап қалу үшін имам шақырып, Құран оқыды

Астана тұрғындары бір-біріне жақын салынып жатқан құрылысты тоқтату үшін имам шақырып, Құдай тамақ берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ел арасында “Красная деревня” деп аталып кеткен аудан тұрғындары саялы гүлзар бағын бір сәтте жойып жіберуге даяр құрылысшылармен дауласып шаршаған. Амалы қалмаған олар тұрғындарды жинап, Құдай тамақ беріп, құрбандық шалды. 

“Мемлекеттік шенеуніктердің алдында шарасыздығымыз соншалық, айтқан өтіріктерінен шаршадық. Бүгін Алладан көмек сұрап, Құдай тамақ бердік”, – дейді “Красная деревня” тұрғын үй кешенінің тұрғыны Алма Сауытбаева.

Он жылдан бері бұл алаң жергілікті тұрғындардың балалармен серуендейтін сүйікті орны. Бұл жерге тіпті қаладағы құрысшылар да көз салған. Жергілікті тұрғындар жасыл желекті сақтап қалу үшін күресіп келе жатқанына біраз уақыт болған. Олар барлық құзырлы органдарға арыз жазып, тіпті әкімдік жер телімінің иесін сотқа берген. Бірақ шенеуніктер істен жеңіліп қалды. Ал саябақ Астананың 2035 жылға дейінгі бас жоспарында жасыл аймақ ретінде белгіленген.

Қазір жергілікті тұрғындар жасыл жерек үшін ғана емес, өз қауіпсіздігі мен үйдегі су мен жылу желілері үшін де қорқады. Қазірдің өзінде пәтерлердер су мен жылу ара-тұра өшіп қалады. Тіпті жаңа құрылысты бастау үшін іргетас салғанда тұрғындар өз үйлерінің орнықтылығына күмәнмен қарайды.

Осы жағдайлардың бәрі адамдардың құрбандық шалып, Құдай тамақ беруіне себеп болған. 

“Коммуналдық желі дұрыс жұмыс істемейді. Жылу желісі де дәл солай. Мүсірепов 2 мекенжайында орналасқан үй апатты жағдайда тұр деп ойлаймын. Егер жарықтар пайда болса, оны кім шешеді және шығынды кім өтейді? Ақымақтық! Мемлекеттік басқарманың алдап отырғаны шындық. Сұрақ: оның себебі неде? Бұл шенеуніктердің ақымақтығы мен біліксіздігінен немесе сыбайлас жемқорлықтың кесірінен болуы мүмкін. Онда неге президет Астананы бақ қала дейді”, – дейді ашынған “Красная деревня” тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дәурен Бейсенов.

Талқылау