Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Назарбаева жаңа қызметтегі алғашқы жиынын өткізді

7 желтоқсан күні Астанада Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы “Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешу үшін қауымдастық консолидациясы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл – Әлия Назарбаеваның жаңа қызметке тағайындалғалы өткізген алғашқы жиыны.

Іс-шараға Парламент депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері мен халықаралық ұйым өкілдері қатысқан.

Дөңгелек үстел барысында ҮЕҰ өкілдері экология тақырыбында баяндамаларын оқып, талқыға салды. Сөз сөйлеушілер Қазақстанда осындай экологиялық қауымдастық құрудың маңыздылығын атап өтті.

Президиум төрағасы Әлия Назарбаева: “Ассоциацияда қажетті адами потенциал бар, сондықтан да бұл қауымдастық экологиялық заңнаманы жетілдіру мәселелерімен айналыса алады”, – деді.

Сондай-ақ, ол Ассоциация қызметінің маңызды міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақпен жұмыс істеу әрі халықаралық серіктестікті дамыту екенін атап өтті.

Қазақстанның энергетика вице-министрі Ғани Садыбеков өз баяндамасында Ассоциацияның дер кезінде құрылғанын әрі энергетика министрлігінің серіктестікке дайын екенін айтты.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Ассоциацияға қабылданған азаматтарға арнайы куәлік табысталды. Бүгінде оның құрамына еліміздің 30 жетекші ұйымы (экология саласында көпжылдық тәжірибесі бар) қосылған.

Айта кетейік, Ассоциацияға мүше болғысы келетін жандар оның сайтына кіріп, онлайн түрде өтініш білдіре алады.

Жіберіп алмаңыз:

Ахметов пен Ермегияев ұрлаған ақша қалай қайтарылғаны белгілі болды

Президенттің сынынан кейін шенеуніктер шетел асқан қаржыны қайтаруға кірісті

Жемқор министрлер мен әкімдер елден қанша ақша ұрлағаны анықталды

Мұхамедиұлы: Қазақстан 2018 жылғы Олимпиадаға қатысады

 

Талқылау