Әлия Назарбаева әйелдерге арналған сән топтамасын ұсынды (фото)
Alsara by Damiani атты әшекейлердің дизайнері ретінде сән әлеміндегі қадамын сәтті бастаған Әлия Назарбаева арнайы кештерге арналған әйелдер киімінің топтамасын да ұсынуды жөн деп тауыпты.
Бұл туралы cosmo.kz хабарлайды.
Әлия Назарбаева Алматыда өзінің Alsara Couture деп аталатын сән топтамасын көпшілік назарына ұсынды.
Назарбаеваның топтамасы деми-кутюр стилінде тігілген. Pret-a-porter ережесіне сай келетін киімдер классикалық шеберлік үлгілерін де тоғыстырған. Эстетикалық құндылығы жоғары киімдер топтамасы кез-келген ортаның көркін ашарлықтай болып тұр.
Негізгі бөлігін көйлектер құрайтын топтама 25 образдан тұрады. Киімнің материалдары ретінде барқыт, жібек, велюр тауарлары қолданылған. Киімдердің барлығы дерлік нәзік жандылардың сымбатын ашып, әйелге тән әсемдік сыйлай алады.
Alsara Couture топтамасында әсіресе, қазақи ұлттық үлгілер көзге түседі. Бірқатар киімдер төбетей мен шапан үлгісінде де жасалғаны айқын байқалады.
Талқылау