Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Әнуарбек марқұм күйеуінің атынан КАЗГЮУ-да стипендия тағайындалғанын хабарлады

Әлия Әнуарбек марқұм күйеуі Азамат Тоқжановтың атынан үш қызға стипендия берілгенін хабарлады. Шәкіртақы Қазақ мемлекеттік заң университетінде тағайындалған, деп хабарлайды Stan.kz.

 
"Құрметті достар, Азамат Тоқжановтың құрметіне туған-туыстары ол білім алған Қазақ мемлекеттік заң университетінде стипендия тағайындады. 

Біздің мақсатымыз – мұқтаж студенттерге көмектесіп, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнында халықаралық стандарттарға сай, сапалы білім алуға мүмкіндік беру.  

Талантты да мақсатшыл студенттерге үлкен өмірге жолдама алуға көмектескіміз келеді", – деп бөлісті Әлия Instagram-да.


"Егіз лебіз" шоуы көмектесті": Әлия Әнуарбек күйеуінің қазасынан кейін қалай ес жиғаны жайлы


Азаматтың туыстары үш талантты қызға стипендия беріп үлгерген. Алайда олар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Жанашыр жандардың қолдауымен, Азаматтың отбасы білім іздеген дарынды жастарға алдағы уақытта да көмектеспек. 

"Азамат – өз ісінің кәсіби маманы еді. Үлкен компанияда мықты жетекші бола білді. Оған кез келген істі тапсыруға болатын және ол өз міндетін керемет атқаратын. Адамдар оған білімі мен даналығы үшін келетін. Ол әркез көмек беруге асық болды", – деді актриса.

Талқылау