Әлішер Кәрімов жүрегін жаралаған қызға ән арнады (видео)
Биылғы жыл Әлішер Кәрімов үшін табысты болды. Ол бірнеше бейнебаян шығарып, Қазақстанның көптеген қаласында концерт қойды. Енді міне Әлішер Кәрімов тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантып жатыр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әлішер Кәрімов соңғы рет 11-сыныпта ғашық болғанын айтқан болатын. Тіпті, осы жауапсыз махаббаттың салдарынан жүрегі осы күнге дейін жараланып жүр екен. Әнші сүйіктісіне деген өкпесін бейнебаяны арқылы жеткізді. Туынды “Бағаламадың” атты әнге түсірілген. Бейнебаяндағы басты рөлді актриса Аида Жетпісова сомдайды.
Әзірге тыңдармандары бейнебаянға оң бағасын беріп жатыр. “Бейнебаяндағы қыз да, жігіт те өте керемет. Жүздері сондай көркем”, “Әлішердің даусы ұнайды. Елді алдамайды, тек жанды дауыста ән салады. Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар. Тек әннің тақырыбының мағынасын түсінбедім”, “Бейнебаян өте сапалы! Маған оны қай жерде түсіргендері қызық болып тұр” дейді желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Қайрат Нұртастың жол апатына түсуіне жол апаты себеп болған
Луина: Қазақ тілін үйреніп жүрмін. Мен ана тілімде сөйлегім келеді
Қазақстандық жұлдыздар өнердегі жемқорлық туралы айтып берді
Қызына Абайдың өлеңін үйретіп отырған Мейрамбек тыңдармандарын сүйсінтті (видео)