Әлішер Кәрімов 300 теңгеге жылап жүріп ән салған күндерін еске алды
Әлішер Кәрімов халыққа Superstar жобасынан кейін танылды. Алайда ол да өзге әріптестері секілді мансабын дәмханаларда ән салудан бастаған. Тіпті, 300 теңгеге ән айтуға келіскен күндері де болыпты. Талай жердің табалдырығын тоздырып жылағанын да жасырмады.
Фото: instagram.com/alisher_k/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Есіме түссе жылағым келеді. Қолым бос студент кездерім еді. Күні-түні ұйқысыз жұмыс істеуге дайын уақытым ғой. Бірақ, жас болғаннан кейін ешкім мән бере қоймайды екен. Мүмкін, уақыт солай болған шығар, мүмкін, қолайсыз кезде қолайсыз жерге тап болдым ба, Құдай біледі. Күшімді жұмсар жер таба алмай көңілім түсіп жүретін. Дарыным босқа кетпесін деп кез-келген ән айтуыма ақша беретін жер іздеп қаланы талай шарладым.
Күніне 300 теңгеге күні бойы ән айтуға келісіп едім. Бірақ, Аллаға шүкір, әркімнің өз жолы, несібесі болады екен. “Алынбайтын қамал жоқ” деп әке-шешем айтушы еді. Сол сөзді енді түсініп отырмын. Өмірден сабақ алмай оны 5-ке өткізу деген шынға келмейді. Бастан кешкен жағдайлар мінезіңді шыңдап, көзіңді ашық етеді екен”, – дейді Әлішер Кәрімов.
Дәл қазір Әлішер Кәрімов өзі қалаған елді аралап, құны 4 мың доллар болатын концерттік костюмдер киеді. Десе де, ол шетелде жүріп туған жерін қатты сағынатынын айтады. Ал тойда ән айтқаны үшін $3 000-5 000 ақша сұрайды.
“Туған жер деген ерекше болады екен. Қанша шетте жүрсең де, қанша сұлу қала көрсең де уақыт өте келе кіндік қаның тамған жеріңе қайта оралатыныңды сезесің. Көңіліңді баурап, жанға жылу беріп тұратын жастық шақ өткен жердің алатын орны ерекше ғой. Анамның балалармен ойнап жүргенде “Әй, Әлішер, кел тамағыңды іш, ойынды қой” деп айтатын сөздері әлі құлағыма шалынатын сияқты.
Таныс көше, баяғы үйлер, көршілер. Туған ағаштар, көшелер. Алтын Таразым, әрқашан менің жүрегімдесің! Әр тасыңды, топырағыңды сүйемін! Мен үшін әлемдегі ең көркем қала – сенсің! Иә, Аллам, осы қаланың тұрғындарына байлық, көңілдеріне медет, істеріне береке бер!” – дейді мешітке барған әнші.
Бұл жазбалардан кейін желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, талантты адамның жерде қалмайтынын айтып жатты. Мұнымен қатар, жақсы көретіндіктерін жеткізіп жатқандар да болды.
Жіберіп алмаңыз:
Әлішер Кәрімов шетелде сүйіктісімен бірге демалып жатыр (фото)
Әлішер Кәрімов кезекті бейнебаянын анасына арнады (видео)
Әлішер Кәрімов “Ла ла ла” атты су жаңа бейнебаянын ұсынды (видео)