Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алып кит жас жігітті әкесінің көз алдында жұтып қойған (видео)

Чилиде ер адам өз ұлын алып киттің жұтып қойғанын видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Jam Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скрин

49 жастағы Делл Симанкас пен ұлы Адриан пакрафт деп аталатын ықшам үрлемелі қайықтармен жүзіп келе жатқанда алып жануарға тап болған. 24 жастағы Адриан алға озып кеткендіктен китті байқамай қалған.

"Мен қатты дыбыс естідім, бұрылып қарағанымда ұлым жоғалып кеткен еді", – дейді Делл.

Ол бұл қорқынышты сәтті видеоға түсіріп алған.



Кит пен жігіт су астына кетіп, ғайып болған. Алайда көп ұзамай Адриан пакрафтқа жармасып, су бетіне қайта шығыпты. Кит оны әкесінің көз алдында қайта түкіріп тастаған. Ер адам ұлын жігерлендіріп, сабыр сақтауға және қайықты жібермеуге кеңес берген. Нәтижесінде жігіт әкесінің қайығына жүзіп жетіп, олар аман-есен жағаға шыққан.

Жас жігіт болған оқиғаны толық түсінбегенін айтады. Өзінің айтуынша, оған біреу оны жұтып қойғандай көрінген.

Жігіттің ешқандай жарақат алмағаны белгілі болды.

Әкесі мен ұлы осы оқиғадан кейін де пакрафтингпен айналысуды жалғастыратынын, бірақ бұдан былай абай болатынын мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін торға құлап кеткен зоопарк қызметкері арыстанға жем болғаны туралы жазған едік. 

Талқылау