Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлі ешбір үкіметтің алдында болып көрмеген міндет тұр": Әлихан Смайылов алғашқы отырыста не айтты

Жаңадан тағайындалған премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің жаңа құрамының алғашқы отырысын ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлер кабинетінің басшысы үкіметтің жаңа мүшелерінің антын қабылдап, мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін атап өтті.

"Бүкіл еліміздің басына ауыртпалық түсіп тұрған қазіргідей күрделі кезеңде біз мемлекет басшысының зор сенімін ақтауымыз керек. Біздер – үкіметтің жаңа құрамы халықтың өмір сапасын жақсартуға, экономика өсімін сақтауға және пандемияны еңсеруге, лаңкестер мен бұзақы, тонаушылар келтірген орасан шығынды қалпына келтіруге, елімізді жаппай дағдарыстан шығаруға бағытталған Президент тапсырмаларын орындау үшін бар күш-жігерімізді аямай жұмыс істеуіміз қажет.

Бұл – осындай аса ауыр жағдайда әлі ешқандай үкіметтің алдында болып көрмеген өте күрделі де ауқымды міндет. Халық біздің жұмысымыздан нақты нәтиже күтуде", –  деді бүгін үкімет отырысын ашқан Әлихан Смайылов.

Еске салсақ, 11 қаңтарда президенттің жарлығымен Әлихан Смайылов үкіметтің жаңа басшысы болып тағайындалды. Сондай-ақ үкіметтің жаңа құрамы бекітілді.

Талқылау